Конституциялық сот: Ғылыми сараптама заң сапасын арттырады
Астанада Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына орай “Парламентаризм: құқықтық негіз, даму және болашаққа көзқарас” тақырыбында Еуразиялық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына орай “Парламентаризм: құқықтық негіз, даму және болашаққа көзқарас” тақырыбында Еуразиялық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Форум барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов заң шығару билігі үшін ғылыми-әдістемелік қолдаудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, еліміздің саяси-құқықтық жүйесінің қарқынды дамуы, жаһандану үдерістері мен заманауи сын-қатерлер заң шығару саласында жан-жақты ғылыми негізделген шешімдерді талап етеді.
Осы тұрғыдан алғанда Парламентаризм институтының рөлі ерекше. Оның әлеуеті депутаттардың заң шығару бастамасы құқығын толыққанды жүзеге асыруға қызмет етеді, – деді Бақыт Нұрмұханов.
Ол мұндай ғылыми-тәжірибелік алаңдардың конституциялық бақылау органдарында да бар екенін атап өтті. Қазақстанның конституциялық әділет органында 2018 жылдан бері әртүрлі құқық салаларының ғалымдарын біріктіретін Ғылыми-консультативтік кеңес жұмыс істейді. Ал Корея Конституциялық сотында Конституциялық зерттеулер институты осыдан 30 жыл бұрын құрылған.
Мұндай құрылымдар жекелеген тақырыптар бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеп, теориялық әрі практикалық тұрғыдан пысықталған тұжырымдамалар қалыптастырады, – деді ол.
Сондай-ақ Бақыт Нұрмұханов 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізілген конституциялық реформаның нәтижесінде Конституциялық сот қайта құрылып, оған жүгіну құқығы бар субъектілер саны артқанын атап өтті. Осы кезеңде Парламент Палаталары төрағаларының, сондай-ақ депутаттардың кемінде бестен бір бөлігінің өтініштері негізінде бірқатар маңызды конституциялық мәселе шешімін тапқан.
Оның айтуынша, қазіргі таңда жаңа субъектілер, әсіресе азаматтар өздеріне берілген мүмкіндікті белсенді пайдаланып келеді. Соған байланысты конституциялық бақылаудың ауқымы мен қарқыны да артып отыр.
Алғашқы күндерден бастап біз еліміздің сарапшылық ұйымдарымен, жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен тығыз өзара іс-қимылға ерекше мән беріп келеміз, – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
- Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерилері бірлескен оқу-жаттығуға кірісті 20:11
- Еуропада газ бағасы шарықтады: 2022 жылдан бергі рекорд жаңарды 19:53
- IMD World Competitiveness 2026: Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында топ жарды 19:40
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20