Конституциялық комиссияға 10 мыңнан астам өтініш түскен
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 12-ші отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда Конституциялық комиссияның атына 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
Бұл – комиссия мүшелерінің, азаматтардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының, бизнес құрылымдарының және өзге де мүдделі тараптардың ұсыныстары.Барлық келіп түскен материалдар жүйеленіп, тақырыптық бағыттар бойынша топтастырылған. Әрбір бағыт аясында құқықтық және мазмұндық талдау жүргізілді. Ұсыныстар олардың негізділігі мен іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан жан-жақты бағалануда. Мұндай белсенділік қоғамның жоғары деңгейдегі қатысын айқын көрсетеді және жаңа Конституция жобасын талқылаудың шынайы ашық әрі мазмұнды сипат алғанын дәлелдейді – дейді Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасы Эльвира Әзімова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстанда буынды енді роботтар алмастырады
Өзгелердің жаңалығы