13 Тамыз 2019 2019, 15:56

Конституциялық Кеңестің мүшесі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің жаңа мүшесін тағайындау туралы құжатқа қол қойды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің жаңа мүшесін тағайындау туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Виктор Александрович Малиновский Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.