Конституцияға енгізілетін өзгерістер БАҚ-та қалай түсіндіріліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін референдум өткізу кезінде азаматтарды ақпараттандыру мәселелері бойынша ОРК-нің кеңесі өтті. 

Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров үгіт-насихат кезінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Министрліктің алдында екі негізгі міндет тұр. Біріншісі, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы халықтың хабардар болуын және сайлау кезіндегі екінші маңызды міндет БАҚ-тың сайлау заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету. Осы мәселелерді шешу үшін министрлік барлық ақпарат ресурсын жұмылдырып, ақпараттық саланы тұрақты бақылауда ұстап тұр, - деді АҚДМ басшысы.

Сонымен қатар министрлік ОСК-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтарды алдағы референдумда өздерінің сайлау құқығын іске асыруға және дауыс беруге шақыру бойынша белсенді ақпараттық жұмысты жүргізіп жатыр.

Барлық БАҚ-та ұсынылатын түзетулер кеңінен түсіндіріліп жатыр. Атап айтқанда, БАҚ беттерінде референдумға арналған арнайы айдарлар мен хэштегтер ашылды. Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістердің мәні түсінікті тілде түсіндірілетін жадынамаларды, графикаларды шығару және көбейту қамтамасыз етілді, - деп түсіндірді Асқар Умаров.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде әр өңірде дауыс беру үшін сайлау учаскесін іздеу бойынша ақпараттық хабарламалар мен графикалық мәліметтер таратылды.

Одан бөлек, сайлау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін ОСК және Бас прокуратурамен бірқатар кеңес өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы