Конституциядан Елбасы құзіретін алып тастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі конституцияда анықталады.

Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов ​мәлім етті.

Тұңғыш Президенттің мәртебесіне келетін болсақ, бізде бұл Конституция және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Жұмыс тобы мәртебені Конституцияның өзінде анықтау керек, бұл норманы нақтылайтын заңнамаларда емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек деген қорытындыға келді, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бұл мәртебенің  үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Демек, бұл мәртебе анықталады. Бұл үлкен маңызға ие болады деп ойлаймын, өйткені еңбектер, білгілі объектив деректі бәріңіз көрдіңіздер, бүкіл әлем көріп отыр, ол Конституцияда бекітіледі, - деді Ермек Әбдірасулов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша конституциялық түзетулермен айналысып жатқан топ жұмысы осындай шешімге келген.  

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы