«Конституция балалар көзімен» атты жас суретшілер көрмесі өтті
Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда ҚР Конституциясы күнін мерекелеу аясында жас суретшілердің «Конституция балалардың көзімен» атты көрмесі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Суреттердің негізгі тақырыбы патриоттық бағытта болды, яғни заңнамамыз, қазақ костюміндегі қыздар, мемлекеттік рәміздер. Сондай-ақ көрменің кейбір қатысушылары қазақтың көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлерін бейнелеген.
Мұнда балалардың барлық жұмысы ұсынылған. Олар өз қиялында елдің басты ата заңын көреді. Барлығы 200-ге жуық жұмыс ұсынылды. Көрмеге өнер мектептері мен үйірмелерді қоса алғанда, мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру бойынша 17 мекеме қатысты, – деді Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясының басшысы Ерлан Жалғас.
Фойеде әр түрлі жастағы оқушылардың акварель, гризайл, гуашь, акрил, май, қарындаш графикасы, пастель және аралас техникамен жасалған туындыларын тамашалауға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда “Almaty Food Fest” гастрономиялық фестивалі басталды
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы