Конституция алғаш рет қазақша жазылып жатыр – Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституция Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы – аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған. Екіұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр, – деді ол.
Мемлекеттік кеңесші мұны қазақ тілінің заң тіліне айналуы деп бағалады.
Яғни ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан аяғына дейін құқықтанушылар мен тіл мамандарының бірлесіп жұмыс істеуімен мемлекеттік тілде әзірленіп жатыр. Бұл – қазақ тілінің заң тіліне айналғанын, аясы кеңейіп, өркендегенін көрсетеді, - деді Қарин.
Бұған дейін Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституцияның 18-бабын заң техникасы тұрғысынан қайта қарауды ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент сынынан кейін Шымкент полициясына жаңа басшы келді
Келесі жаңалық
2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Өзгелердің жаңалығы