Конституциялық Кеңес Президенттің өтінішін іс жүргізуге қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституциялық Кеңес Қазақстан Президентінің өтінішін іс жүргізуге қабылдады.

Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады.

Конституциялық Кеңес Регламентінің 5-2-тармағына сәйкес аталған мәселелерге маманданған құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар мен азаматтар Конституциялық Кеңеске өз қорытындыларын е-mail: gulmira@ksrk.gov.kz жолдай алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы