Константин Малиновский әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады

Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионаты ерлер пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан бақ сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл бағдарламада іріктеуге Ұлттық құраманың 3 спортшысы қатысты. Олардың арасында үздік нәтижені Константин Малиновский көрсетті. Ол 624 ұпай жинап, 7-орын алды. Отандасымыздың қола медаль үшін таласуына 1 ұпай жетпей қалды. Ал 41-ші (617,8 балл), Юрий Юрков 55-ші орынды (614,3 балл) місе тұтты. Осылайша, командалық есепте ерлер құрамасы (1856.1 ұпай) 10-орын алды, - делінген хабарламада.

Чехиялық Петр Нимбурски чемпион атанса, қытайлық Линьшу Ду күміс, Ян Лочбилер (Швейцария) қола медаль жеңіп алды. Бұл сында барлығы 73 атлет шеберлік байқасты. Мұнда олар жатып 60 оқ атуы керек. Қазір жаттығудың бұл түрі Олимпиада бағдарламасына кірмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы