Конституцияның қоғаммен, заманмен бірге өзгеріп отыруы заңдылық – Марат Бәшімов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституцияның заманмен, қоғаммен бірге дамып отыруы заңдылық. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов айтты.
Оның айтуынша, қандай жағдайда да ол үшін ең алдымен, адам өмірі мен бостандығы басты құндылық болып қала береді.Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі мен БҰҰ халықаралық сарапшылары біздің Конституцияның нормалары адам құқықтары туралы барлық шарттарға сәйкес келеді деп баға берген болатын. Қазіргі күні қоғамда орын алып жатқандай жағдайларға қарап, Ата Заңымыздың «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды», деп жазылған 1-бабы мен «Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады» ,- делінген 31-бабы өте өзекті болып отырғанын және мемлекет осы тұжырымдаманы басшылыққа алғанан байқауға болады, - дейді Марат Бәшімов.
Сондай-ақ заңгер Ата Заңымыздың қалыптасуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор екенін де атап өтті. Ол жұмыс тобының алдына әлдекімнің конституциясын құр көшіре салмай, керісінше басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде қазақ елінің талаптарына барынша жауап бере алатын негізгі заң жобасын дайындау керектігін үнемі ел есіне салып отырған.
Сурет:Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ресми таныстыру салтанатында.
Конституцияның барлық ережелерінен біздің ерекше қазақстандық қолтаңбамыз, біздің халқымыздың өресі мен дәстүрлеріне және болашақтағы перспективасына сәйкесетін өз болмысымыз байқалады. Конституцияның соңғы мәтініне қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі жолындағы экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдегі барынша маңызды мәселелерді демократиялық тәсілдермен шешу сияқты Қазақстан Республикасының базалық принциптері қосылды, - дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы