Консервіленген және өңделген жаңғақтар өндірісі артты
2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда өңделген және консервіленген жаңғақтар мен жемістер өндірісі 12,2 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34% артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы аралықта өңделген жаңғақтар мен жемістердің импорты да 20,7% артып, 194,9 мың тоннаға жетті (2023 жылғы қаңтар-қараша айларында көрсеткіш 161,5 мың тонна болған).
Импортталған өнімнің нарықтағы үлессалмағы 94,1% құрайды. Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта сатылған өнім көлемі 194,4 мың тонна болды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,9% артық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 1-2 ақпанда өтеді
Келесі жаңалық
Мәдениет – ел айнасы
Өзгелердің жаңалығы