Коновалов : Польша жерінде үшінші рейсті күтіп отырған 74 қазақстандық бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Украинадан Польшаға жеткен 74 Қазақстан азаматы елге қайтуға үшінші рейсті күтіп отыр. 

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшісінің кеңесшісі Сергей Коновалов хабарлады. 

Сергей Коновалов Польша жеріндегі қазақстандықтарды елге жеткізу процесі басталып кеткенін айтты.

Кеше Алматыға 175 қазақстандық,  бүгін Нұр-Сұлтанға 124 адам келіп отыр. Біз Украина аумағынан 300 адамды эвакуацияладық. Қазіргі таңда Польшадағы қауіпсіз аймақта 74 отандасымыз бар. Олардың бәріне толықтай жағдай жасалған. Қазақстандықтар үшінші рейсті күтеді. Біз дайындап жатырмыз, - деді Сергей Коновалов. 

Сондай-ақ ол Харьковтан тағы 20 адамды күтіп отырғандықтарын, жақын арада эвакуацияланатынын атап өтті. 

Львовтан бастап, бұл - Ресей шекарасына ең жақын қала, жақын арада тағы 15 адам кетеді. Қазір үшінші эвакуациялық рейс дайындалуда. Мен ондағы қазақстандықтарды сабырға шақырамын. Үшінші рейс әуе бортына адам қалай тез жиналады, солай ұшады. Келесі әуе бортында 142 орын болады деп жоспарлап отырмыз, осы орайда «Эйр Астанаға» алғысымыз шексіз, - дейді ол.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы