Конор Макгрегордың келесі қарсыласы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландиялық жекпе-жек шебері Конор Макгрегор желтоқсанда жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнки Эдгарға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы rsport.ria.ru жазды.

Соңғы рет 31 жастағы ирландиялық 2018 жылы 6 қазанда октагонға шыққан еді, ол кезде Макгрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. 

UFC ұйымының Twitter желісіндегі ресми аккаунтында 38 жасқа толған Эдгарды туған күнімен құттықтау жарияланды. Үш сағаттан соң осы жазбаға Макгрегор "Туған күніңмен, Фрэнки. Желтоқсанда кездесеміз", - деп жазды. Өз кезегінде қарсыласы "Рақмет. Мен келісімімді бердім. Ендігі іс сенімен, Дана Уайт, жекпе-жекті ұйымдастырыңыз", - деп жазды Эдгар ирландиялықтың пікіріне жауап ретінде.  

Макгрегор өз тарапынан UFC басшысынан жекпе-жек ұйымдастыруды өтініп, өзіне тиесілі гонорарды қайырымдылыққа жұмсауды сұрады.  

Эдгар спорттық мансабында 31 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жеткен. Шілдеде ол Макс Холлоуэйден жеңілді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы