Конькимен жүгіруден отандасымыз әлем кубогы кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстандық Арина Ильященко конькимен жүгіруден Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы 500 метр қашықтықты 41.30 секундта жүгіріп өтіп, екінші нәтижені көрсетті.

Бірінші орын 40.16 нәтижесін көрсеткен италиялық Джорджия Айелоға бұйырды. Үшінші орынды 41.37 уақытымен неміс спортшысы Марлин Эхселунс алды.

Айта кетейік, бұған дейін Ильященко әйелдер құрамасында әлем кубогында қола медаль ұтып алған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы