Конькимен жүгіруден әлем чемпионатыдағы спортшылардың нәтижесі қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық спортшылар да өнер көрсетуде, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер мен әйелдер арасындағы көпсайысқа Қазақстан атынан Екатерина Айдова мен Денис Кузин қатысқан болатын. 

Айдова ескерту алып, жарыс жолынан шығып қалды. Ал Кузин көпсайыс қорытындысы бойынша 19-шы орынға табан тіреді. 

Көпсайыс ережесі бойынша, конькишілер екі рет 500 метрге, екі рет 1000 метрге жарысады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы