"Көңіл көншітпейді". Балаева отбасындағы зорлық-зомбылық жайында

Соңғы 4,5 жылда үйдегі зорлық зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Бұл туралы үкімет отырысында Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр бүгінгі статистика көңіл көншітпейтінін айтты.

Соңғы 4,5 жылда үйдегі зорлық зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген. Сондықтан алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу біздің жіті назарымызда, – деді Балаева.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде Отбасы саясаты бойынша 469,3 млн болатын 156 әлеуметтік жоба бар.

Бөлінген қаржының 40% тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бөлінген (үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтарының қызметін қаржыландыру), 25% жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, 10% халық арасында репродуктивті денсаулықты сақтауға, 15% жағдайы төмен отбасылармен профилактикалық жұмыстарға, 10% басқа бағыттарға жұмсалуда, – деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы