Конгресс Трампты нәсілшілдік үшін айыптады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конгрестің төменгі палатасы АҚШ президентінің нәсілшілдік талқылауына байланысты қарар шығарды.

АҚШ өкілдерінің палатасы Дональд Трамптың төрт демократ әйелге тіл тигізуіне байланысты қарар қабылдады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Қарар көп дауыс беру арқылы қабылданды. 240 конгресмен «Иә» деп дауыс берсе, палатаның 187 мүшесі «Жоқ» деп қарар қабылдауға қарсы болды. Республикалық партияның төрт мүшесі ғана осы қарарды қолдады.

Айта кетсек, Трамп Демократиялық партияның әйелдерін елді басқаруға байланысты кеңес бергені үшін сынаған.

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы