Конгода жанартаудың атқылауы салдарынан эвакуация басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конго Демократиялық республикасында Ньирагонга жанартауы атқылады. Одан шыққан лава Гомо қаласына тақап қалды.

Мұнда бір жарым миллиондай адам тұрады. Шаһар шетіндегі ондаған тұрғын үй жанып кетті. Бас сауғалаған жеті мыңдай адам Руандамен шекарадан өтті. Алғашқы мәліметтер бойынша, эвакуация кезінде болған жол-көлік апатынан 5 адам қаза тапты. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде дүкендерді тонау оқиғалары тіркелді. Сондай-ақ қаладағы түрмеден тұтқындар қашуға әрекет жасаған. Соңғы рет жанартау 2002 жылы атқылаған. Сол кезде 250 адам қаза тауып, 120 мыңнан астам адам баспанасыз қалған еді. 

Конго үкіметін түсінбей отырмыз. Айналамызда өрт өршіп тұрғанда, жанартаудың атқылауы туралы дер кезде ескерткен жоқ. Енді билік апаттан зардап шеккен халыққа көмектесуі тиіс, - дейді жергілікті тұрғындар.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы