Конгода содырлар шабуылынан кемінде 25 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының шығысында содырлардың шабуылы салдарынан кемінде 25 адам көз жұмды. AP агенттігінің хабарлауынша, оқиға Итури провинциясында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, 15 адам үйлерінде қамалып, тірідей өртенген, тағы 7 адам атып өлтірілген. Валезе-Вокуту ауданында үш адамның қаза тапқаны хабарланды.

Шабуылға «Демократиялық күштердің бірігуі» тобының қатысы бар-жоғы әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: EPA/UPG
Өзгелердің жаңалығы