9 Қазан 2024 2024, 07:52
Фото: скрин
Конгода маймыл шешегін жұқтырудың 30 мың дерегі тіркелді
Конгода жыл басынан бері маймыл шешегін жұқтырған 30 мың жағдай тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Конгода жыл басынан бері маймыл шешегін жұқтырған 30 мың жағдай тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Індеттен 988 адам көз жұмған. Олардың 70 пайызы – жасы 5-ке толмаған балалар. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.
Конгоның Денсаулық сақтау министрі инфекцияның барлық 26 провинцияда таралғанын жеткізді. 5 қазанда Конгода аталған індетке қарсы вакциналау науқаны басталған. Үкімет 5 миллион адамға екпе салуды жоспарлап отыр.
Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы маймыл шешегі Африканың 18 елін қамтып үлгергенін айтады. Бұдан бөлек, індет Австралия, Индонезия, Швеция, Испания мен Пәкістанда тіркелген.