1 Маусым 2026, 10:25
Конгода Эболаның жаңа штаммын жұқтырған алғашқы науқастар жазылып шықты
ДДСҰ ерте диагностика нәтижесінде сауығып кеткендер саны артуы мүмкін екенін айтты.
Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эболаның жаңа штаммын жұқтырған алғашқы науқастар ауруханадан шығарылды. ДДСҰ ерте диагностика жүргізілуінің арқасында жазылып шыққандар саны алдағы уақытта артады деп күтіп отыр. Reuters таратқан мәліметке сәйкес, алайда індет жұқтырғандар саны әлі де өсіп келеді. Агенттік мәліметінше, Bundibugyo вирус штаммынан туындаған Эбола безгегінен ем қабылдаған төрт медбике КДР-дегі ауруханадан шығарылған. Бұған дейін зертхана қызметкерлерінің бірі де дерттен айығып шыққан. Осылайша, вирустан жазылғандардың жалпы саны бес адамға жетті.
Елде Эбола безгегі бойынша расталған жағдайлар саны 282-ге дейін көбейген. Оның 42-сі өліммен аяқталған.
Еске салайық, ДДСҰ Африкадағы Эбола штаммының өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады.
- Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды 22:08
- Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті 21:31
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:05
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10