Бүгiн 2026, 20:52 Фото: istockphoto.com

Конгода Эболадан 492 адам көз жұмды

15 мамырда басталған індет кезінде 1528 адамнан вирус анықталған.

Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегінен кемінде 492 адам қайтыс болды.

Елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы биліктің соңғы есебіне сәйкес, 15 мамырда басталған індет кезінде барлығы 1528 адамнан ауру расталған.

Қазіргі уақытта диагнозы расталған 628 науқас оқшауланған немесе ауруханада ем қабылдап жатыр. Тағы 239 адам дертінен айыққан.