7 Тамыз 2026, 20:45 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Конгода Эбола жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты, 1850 адам қайтыс болды

Ресми түрде індет тек 15 мамырда жарияланған.

Конго Демократиялық Республикасында Эбола жұқтырудың расталған жағдайларының саны осы індет басталғалы бері алғаш рет 4 мыңнан асты. Билік деректері бойынша, инфекция 1850 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Барлығы 4053 ауру жағдайы тіркелді. Эбола вирусы елдің бес провинциясына, соның ішінде Итури, Солтүстік және Оңтүстік Киву, Жоғарғы Уэле мен Чопо аймақтарына таралып үлгерді.

Бұл індет бақылау тарихындағы ауқымы бойынша екінші және мамандардың бағалауынша, ең жылдам таралатын вирус болды.

Зерттеушілер вирус қаңтар айынан бері таралған болуы мүмкін деп есептейді. Алайда ресми түрде індет тек 15 мамырда жарияланған болатын.

Қаңтардың ортасы мен бүгінгі күнге дейінгі аралықта мамандар 500-ден астам ықтимал жағдайды анықтады.

Сарапшылар ауырғандардың нақты саны ресми деректерден жоғары болуы мүмкін деп топшылайды.

Инфекцияның таралуына індеттің кеш анықталуы, эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің шамадан тыс жүктелуі, әскери қақтығыс және вирустың бұл түріне қарсы вакциналар мен препараттардың тапшылығы ықпал етті.

Бұдан үлкені 2014-2016 жылдары Батыс Африкада болған Эбола эпидемиясы ғана еді. Ол кезде Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 28 мыңнан астам жағдай тіркелген болатын.