Конгода белгісіз аурудан 53 адам көз жұмды
Конгоның Басанкусу қаласында белгісіз дерт тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Actualite басылымының мәліметіне сүйенсек, аурудан 53 адам көз жұмған.
Олардың аурудың алғашқы симптомдары көрінген соң 48 сағат өткенде қайтыс болғандары айтылуда.
Аурудың жаппай орын алуы 21 қаңтарда басталды. Сол кезден бері 419 жағдай тіркеліп, 53 адам қайтыс болды. Аурудың өлім-жітіммен аяқталу болжамы – 5,5%, - делінген Басанкусу қаласының билігі таратқан ақпаратта.
Науқастарға жасалған экспресс-сынамалардың жартысы безгекке оң реакция берген. Ауырып қалғандарда қызба, қалтырау, бас ауруы, буындардың сырқырауы сынды симптомдар байқалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы