Кеше 2026, 22:54 Фото: pixabay

Конгода әуежай қайта ашылды

Ұшар алдында азаматтардың дене қызуы өлшенеді. Ауру белгілері байқалған жолаушылар рейске жіберілмейді.

Буниа қаласының әуежайы жұмысын қайта бастады.

Эбола індетінің өршуіне байланысты әуежай 10 күнге жабылып, медициналық және гуманитарлық мақсатта ғана жұмыс істеген еді. Дегенмен жолаушылар үшін санитарлық талаптар күшін жойған жоқ.

Енді ұшар алдында азаматтардың дене қызуы өлшенеді. Ауру белгілері байқалған жолаушылар рейске жіберілмейді.