Конгода 30 мыңнан астам адам маймыл шешегін жұқтырды

Конго денсаулық сақтау министрі Самюэль Роже Камба елде 30 мыңнан астам маймыл шешегін (mpox) жұқтыру дерегі анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Actualite агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 1 мыңға жуық адам аталған вирустан көз жұмған. 

mpox-тан қайтыс болғандардың басым көпшілігі – балалар. Қайғылы жағдайлардың жалпы көлемінің 70%-ы бес жасқа дейінгі жас ерекшелігіне тиесілі. mpox елдің барлық 26 провинциясында анықталды, - деп атап өтті Самюэль Роже Камба

Сонымен қатар ол індеттің асқынуына mpox-тың екі штамы себеп болып отырғанын алға тартты. Оның ішінде, ең қауіптісі – жыныстық жолмен жұғатын түрі.

Елдің денсаулық сақтау ведомствосы маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Солтүстік Киву мен Оңтүстік Киву провинцияларында індетке қарсы жаппай егу басталды. Екпені ең алдымен ересектер алады, - деді ол.

Маймыл шешегі Африканың 18 елінде анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы