Конго президенті Тоқаевты еліне шақырды

Конго президенті Дени Сассу-Нгессо Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Конгоға сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Президент, Конгода Қазақстан елшісін тағайындау туралы шешіміңізге ризашылымды білдіремін. Меніңше, бұл шешім сіздің үлкен әлеуеті бар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, дамытуға деген ниетіңізді білдіреді. Бұл жайында біз кеше және бүгін сөйлестік. Сонымен қатар сарапшыларымыз бен министрлеріміз бірлеске жұмыс жүргізіп, бірқатар келісім әзірледі. Оларды біз жүзеге асыруға тырысамыз, — деді Конго президенті Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы отырыста.

Конго басшысы Қазақстанның соңғы 20 жылда қол жеткізген жетістігіне тоқталды.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең маңызды елге айналды. Өйткені, жалпы ішкі өнімі Орталық Азия бойынша 50 пайызға жеткен. Біз мұндай жетістікті қолдаймыз. Сонымен қатар Қазақстандағы достарымыздың барлық салада мол тәжірибесі бар екендігін де атап өткім келеді. Бүгінде біз сол тәжірибені қолданғымыз келеді. Мұнан бөлек, сізді Браззавильге, Конгоға шақырамын. Біз үшін бұл үлкен мәртебе, — деді Дени Сассу-Нгессо.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы