«Көнеден жеткен сырлы әуен» атты концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда филармониясында «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әртісі - Омар Райханның «Көнеден жеткен сырлы әуен» атты концерті өтті. 

Кешті ұлттық аспаптармен сүйемелдеген «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» - Тоғжан Жахин.

Қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспаптарының сан алуандығын көрсеткен кештің  ерекшелігі домбыра үнінен бөлек жекелей орындауда уілдек, тастауық, саз сырнай, шаң қобыз, үскірік, жетіген, құссайрауық, шыңырау сынды музыкалық аспаптармен шығармалар орындалды.

Өз өнерлерімен Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары - Бейбіт Мұса, Дарын Құдайберген, Қарагоз Гасимова, Айбала Бейсенова, Оспан Құлсымақ, Сандуғаш Тұрғанбекқызы, Көркем Шолошова мен «Шалқыма» халық би ансамблі қатысты.

Сонымен қатар, Омар Райханның шәкірттері, №1 Музыка мектебінің оқушылары кеш төрін әнмен күйге бөлеп, келген көрермендердің ықыласына бөленді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы