Қонаққа келген әйел құрылыс заттарын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртаулық әйел қонаққа келіп, үй иесінен құрылыс құралдарын ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

31 шілдеде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. 

Ол жақында танысқан бір әйелді үйіне қонаққа шақырған. Таңертең ерте қонақ қоштаспай кетіп қалады. Өзімен бірге екі перфоратор және металл бұйымдарын тазалауға қолданылатын бұйымды ала кеткен. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрайды. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы