24 Қаңтар 2023 2023, 12:17

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның қазасы жайлы әнші Индира Елемес Instagram парақшасында жазды.

Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын, - деп жазды әнші.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол - композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған.