Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды
Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.
2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.
Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет: Жетісуда жаңа мектеп салуға 2,6 млрд теңге бөлінді
Келесі жаңалық
Ұлттық ұланға 6,5 мыңнан астам азамат әскерге шақырылды
Өзгелердің жаңалығы