Қазақстандық компания жылына 800 комбайн өндірмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде "Kazrost Engineering Ltd." жылына 500-ге дейін астық жинау комбайнын шығара алады.

Өндіріс ошағында екі өндірістік цех пен логистикалық кешені (қоймалар, т/ж тұйығы мен аппарель) бар. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған, жалпы көлемі 10 мың шаршы метрден астам және жалпы аумағы 7 га болатын ірі кәсіпорын.

Сонымен қатар отандық компания қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, жұмыстың түрлі бағыттарын дамытуда. Мысалы, қазір кәсіпорын өндірістік қуатын жылына 800 комбайнға дейін арттыру жобасын жүзеге асыруда. Ол маусым айына жоспарланған.

Отандық кәсіпорын 4-сыныпты "Vector 410" және 5-сыныпты "Acros 550" астық жинайтын комбайндарды машина жиынтықтарына құрастырады.

2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін 1036 астық жинайтын комбайн шығарды. Биыл жаңа инвесторды тарту есебінен кәсіпорынға 2,5 млрд теңге, айналым капиталына 5 млрд теңгеден астам инвестиция салынды.

2020 жылдың өндірістік жоспары кәсіпорынның ашылғаннан бергі өндірісінің жартысына жуығын құрап, 425 астық жинайтын комбайнды құрады. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 92 комбайн өндірілді.

Кәсіпорынның ауыл шаруашылық техникасының негізгі тұтынушылары - лизингтік компаниялар, атап айтқанда "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "ҚДБ-Лизинг"АҚ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде тракторлар мен комбайндарды жаңартуды қаржыландыру бойынша "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қаржы-экономикалық негіздеудің кейбір мәселелері туралы" № 282 бұйрығына қол қойды. Осы бұйрық шеңберінде "ҚДБ-Лизинг" АҚ осы жылдың соңына дейін атаулы мөлшерлемесі 6% және лизингке бастапқы жарнасыз отандық тракторлар мен комбайндар ұсынады. Тракторлар мен комбайндар лизингіне республикалық бюджеттен 2018 жылы 3 млрд теңге, өткен жылы 3,5 млрд теңге, ал биыл 6,5 млрд теңге бөлінді. 2018-2020 жылдар аралығында "револьверлік" әдіспен жалпы сомасы 11,3 млрд теңгеге 175 жоба қаржыландырылды, 456 техника сатып алынды.

Бағдарламаға қатысу үшін ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасап, техникаға берілетін "CT-KZ" сертификатын Министрлікке тапсыру керек.

"Kazrost Engineering Ltd." кәсіпорнының кәсіби қызметкерлері қажетті жабдықтар мен техниканы сатып алудың тиімді нұсқасын ұсынуға әрқашан дайын. Қызметкерлер жыл сайын мамандандырылған оқыту курстарынан өтеді. Компания сервис және кепілдіктен кейінгі қызмет түрлерін көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы