Түрік компаниясы кермикалық тақта шығаратын зауытты инвестициялайды

Астана, BAQ.KZ. Қызылорда облысында құны 47,3 млрд теңгені құрайтын керамикалық тақта шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады. 

Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасында хабарлағандай, жоба түркиялық Rino Asia компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. 

Ведомство мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта инвестор тақта өндіпісіні арналған жабдықты жеткізушімен келіссөздер жүргізіп жатыр. 

«Өндірістік жабдықты орналастырудың техникалық жоспары әзірленді. Жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге қатысты консалтингтік компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысында көлемі 100 га құрайтын жер телімі таңдалды. Шикізаттың химиялық құрамын талдау бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді басқармадан. 

Шығарылған өнімнің 60% Қазақстанда сатылса, қалған 40% Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан мен Ресейге экспортталады деп жоспарланып отыр. 

Айта кету керек, Қазақстанда жылына 1,5 млн шаршы метр тақта дайындалады. Жалпы сұраныс жылына 25 млн шаршы метрді құрайтындықтан, қалған нарық импорттық тауарлар есебінен қамтылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы