5 Ақпан 2025 2025, 17:49
Фото: gov.kz
Коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілді
Қазақстанда барлық коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда барлық коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ осы министрлікке сілтеме жасап.
Енді әр түрлі төлем қағаздарын қарастырудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат бір құжатта жинақталған. Біздің мақсатымыз – бұл жүйені тек қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бірыңғай түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн беріледі, ал оны төлеу бірнеше батырманы басу арқылы жүзеге асады, - деді вице-министр.
Бірыңғай түбіртектің қағаз нұсқасы да бар.