Комитет: Құс тұмауының алдын алу ерекше бақылауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда құс тұмауы мен жануарлардың басқа да жұқпалы ауруларының алдын алу мұқият қадағалануда.
Статистика деректері бойынша Қазақстанда шамамен 43,6 млн бас құс бар. Олардың 11,8 млн-ға жуығы жеке азаматтардың қолында болса, қалғаны сыртқы ортамен байланысы жоқ құс фабрикаларында бағылып жатыр.
11,8 млн құсқа жыл сайын тиісті қаржы бөлініп, вакцина салынады. Яғни аурудың алдын алу іс-шаралары уақытында жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жоғары патогенді құс тұмауы тарап кетпеуі үшін мониторингтік бақылау жүргізіп отырады.
Сондай-ақ ветеринарлық қызмет көрші мемлекеттердегі эпизоотиялық жағдайды мұқият қадағалайды және ол жақта жануарлар ауруының ошақтары пайда болған жағдайда жедел шаралар қабылдайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жануарлар ауруларының 45 түрі бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ал 23 түрі бойынша диагностика және вакцина салу арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша 151 млн-нан астам манипуляция, сондай-ақ 68 млн-нан астам диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19 бен пневмониядан 31 адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы