Комиссия 5,5 балдан жоғары магнитудағы жер сілкінісін бағалайды – ҰСО директоры
Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы директоры Дәулет Сәрсенбаев Төтенше жағдайлар департаментінің жер сілкінісіне байланысты брифингінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз Алматы маңында саны 200-ге дейін сейсмикалық оқиғаларды тіркейміз. Жылына орташа есеппен 20 сейсмикалық толқуға дейін сезіледі. Ал бүгін болған оқиға бойынша тұрғындар ең алдымен барлығымыздың сейсмикалық қауіпті аймақта өмір сүретінімізді ұмытпауы керек. Жер сілкінісін тоқтату мүмкін емес. Бірақ біз шығынды азайта аламыз, салдарын төмендете аламыз, - деді ол өз сөзінде.
Орталық директоры бүгін түнде болған жер сілкінісі қаланың инфрақұрылымына, Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмегенін алға тартты. ТЖМ жұмысын сынаған журналиске елдегі сейсмикалық комиссия 5,5 балдан жоғары жер сілкіністеріне мән беретінін айтты.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 264 км жерде орналасты. Сіз Төтенше жағдайлар министрлігі, сейсмологтар, жер сілкінісінің болжамы орындалған жоқ деп жатырсыз. Бұл жерде атап өтетін жайт біздің сейсмикалық комиссия елдегі 5,5 бал және одан жоғары магнитудағы немесе қауіп төндіретін сейсмикалық оқиғаларды бағалауға бағытталған. Апта сайын жер сілкінісін болжау үшін 200-ден астам әдістер мен параметрлер қолданылады, - деп атап өтті Сәрсенбаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан 44 адам медициналық көмекке жүгінген.