Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бойынша 2060 жылға дейінгі доктринаның жобасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бойынша сіз мәлімдеген курстың жалғасы ретінде 2060 жылға дейін Қазақстан Республикасының көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу Доктринасы жобасының тұсаукесерін ұсынуға рұқсат етіңіз.Доктрина ең жақсы озық модельдер арқылы нақты экономиканы модельдеу негізінде жасалды. Мысалы, TIMES, CGE және System Dynamics. Бұл ең аз инвестициялық шығын және ең үлкен экономикалық тиімділік тұрғысынан Қазақстан экономикасын декарбонизациялаудың неғұрлым оңтайлы жолын айқындауға мүмкіндік берді, - деді министр.
Ол атағандай, негізгі және көміртекті бейтараптық бойынша 2 сценарий жасалды.
Негізгі сценарий - бұл маңызды технологиялық өзгерістер немесе декарбонизация бойынша саяси шаралары жоқ жол. Модельдеу нәтижелеріне сәйкес бұл экономика өсімінің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Бұл экономикаға әсер етуі мүмкін 3 сыртқы фактордың әсеріне байланысты. Біріншісі-Еуропалық Одақтың, сондай-ақ ҚР-ның басқа да ірі сауда серіктестерінің шекаралық көміртегі салығын енгізуі. Сонымен қатар Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша ұзақ мерзімді перспективада күтілетін энергия ресурстарына бағаның төмендеуі және климаттың өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсері де теріс әсер етеді, - деді ол.
Министр атағандай, көміртекті бейтараптық сценарийі 2060 жылға қарай декарбонизацияның белсенді күштерін және көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізуді ескереді.
Біздің есептеулеріміз бойынша көміртекті бейтараптық сценарийі базалық сценарийде бұрын аталған тәуекелдерден күтілетін залалды 2,4 есе қысқартуға мүмкіндік береді, - деді Брекешев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы