Көміртекті бейтарапқа қалай жетеміз?

«Байтақ» партиясы энергия көздерін әртараптандыру және қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін барынша азайту қажеттілігін ескере отырып, Қазақстанда атом энергетикасын дамытуды қолдайды. Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тақырыптың күрделілігін сезіне отырып, біз атом энергетикасының артықшылықтары туралы халықты тереңірек зерделеу және кеңінен хабардар ету үшін, арнайы платформа әзірледік. Мұндай алаңның құрылуы саясаткерлер, сарапшылар және қарапайым азаматтар арасындағы диалогқа жол ашады. Сұрақтарға жауап табу, түсінбеушілік пен қорқынышты жояды, нақты ақпараттарға негізделген энергетикалық шешімдерді қабылдауға негіз болады, - дейді партияның төрағасы.

Байтақ атом энергетикасының еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызын түсінгендіктен, платформа құрудағы партияның көзқарасы халықаралық тәжірибені және қоғамды осы энергия көзінің артықшылықтары туралы белсенді ақпараттандыруды қамтиды.

Партияның ядролық энергетикаға басты назар аударуы, оның негізгі артықшылықтарына байланысты. Сенімділік, тиімділік және шығарындылар жоқ. Бұл сонымен қатар, көмір сияқты дәстүрлі көздерге тәуелділікті азайтуға, экологиялық тұрақтылыққа ықпал етуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның құрылуы, тек алға жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар, осы саладағы кадрларды даярлауға бағытталған стратегиялық шешім болады. Партиялық базадағы сарапшылар мен мамандар атом энергиясының қауіпсіздігі, тиімділігі және қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан пайдалану аспектілеріне терең зерттеулер жүргізеді, - дейді Азаматхан Әміртай.

COP 28 климаттық конференциясының маңызды шешімдерінің бірі – көміртекті бейтарапқа қол жеткізу және климаттың өзгеруімен күресу бойынша прогреске жету үшін, атом электр станцияларын салу болды. Дубайда өткен конференцияға партия делегациясы 2023 жылы 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында қатысты. 2015 жылы Париж келісімдеріне қол қойған болатын.

Таза нөлге жету үшін жаһандық таза электр қуатын өндіру 7 есеге артуы керек. Таза нөлдік шығарындылар 2050 сценарийінде электр энергиясын көміртексіздендыру қажеттілігі, таза электр қуатын өндіруді 2022 жылғы бастапқы 10 595 ТВт/сағ-тан 73 030 ТВт/сағ-қа дейін арттыруды талап етеді. Дүние жүзінде таза нөлге қол жеткізу үшін қазірден бастап 2050 жылға дейін жан басына шаққанда жыл сайын 200 кВт/сағ таза электр қуатын қосу қажет. Ядролық энергетика таза электр энергиясын жылдам және тұрақты өндірудің негізі екенін дәлелдеді. 2050 жылға қарай таза нөлге жету үшін, көптеген ел атом электр станцияларын көбірек салуы керек, - деп санайды жасылдар партиясының өкілі.

Оның сөзінше, географиялық тұрғыдан шектеулі су электр қуатын қоспағанда, атом энергиясы әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан 20 таза электр жобасының 15-ін құрайды.

Біріккен Араб Әмірліктері таза электр қуатын өндіруден әлемде көш бастап тұр. Соңғы бес жылда БАӘ жыл сайын жан басына шаққанда 557 кВт/сағ ядролық және күн энергиясын қосты, бұл жан басына шаққанда 44 кВт/сағ әлемдік орташа көрсеткіштен 12 есе жылдам. Бес жыл ішінде мақсатты орындаған 23 елдің 16-сы атом электр станцияларын салу, жаңғырту және жұмысын жақсарту арқылы орындады. Осы 16 елде атом электр станциялары қосылған таза электр энергиясының 75%-ын құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы