Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасының жобасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.

Оның айтуынша, Париж келісімі аясында Қазақстан өзіне 2030 жылға қарай шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 15%-ға, ал халықаралық қолдау көрсетілетін жағдайда 25%-ға қысқарту міндеттемесін алды.

Бүгінгі таңда шығарындылар 1990 жылғы деңгейден әлдеқашан асып кетті. Айтарлықтай шаралар қабылданбайтын болса, болжам бойынша жалпы шығарындылардың ұлғаюы жалғасып, 2060 жылы 473 миллион тоннадан асатын болады.

Қазақстан Республикасының Париж келісімінің температуралық мақсатына қол жеткізуге, сондай-ақ Мемлекет басшысының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мәлімдемесін іске асыруға үлес қосуы үшін 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасының жобасы әзірленді, -дейді министр.

Сонымен қатар Серікқали Брекешев доктринаны әзірлеу кезінде нақты экономиканы модельдеу үшін ең озық TIMES, CGE және System Dynamics үлгілері қолданылғанын айтты.

Бұл барынша аз инвестициялық шығындар жұмсау және барынша көп экономикалық пайда алу тұрғысынан алғанда Қазақстан экономикасын көмірсіздендірудің ең оңтайлы жолын анықтауға мүмкіндік берді, -деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы