Көмірдің сапасы мен бағасын бақылау керек – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі әріптестерімен көшпелі кеңес барысында тұрғындарды көмірмен уақытылы қамтамасыз ету, нысандарды жылыту және газдандыру мәселелерін талқылады.

"Әр маусым сайын жағдай қайталануда: кезектің пайда болуы, көмір бағасының көтерілуі, халық көмірмен уақтылы қамтамасыз етілмейді. Бұл мәселені  бақылауда ұстау қажет. Жеке секторға көмірді алдын ала жеткізу қажет, бағалар белгіленген деңгейде болуы тиіс. Көмір сапасы да өте маңызды. Сапасыз көмір экологияға әсер етеді. Көмірдің сапасын, жеткізілуін және бағасын аудан әкімдері мен басшылармен бірге бақылауда ұстаулары қажет ", - деді Алтай Көлгінов.

Жыл сайын 500 мың тонна көмір тұтынылады, елордаға 125 мың тонна жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл сан 2 есе өсті. Жеке секторға 105 мың тонна тасымалданды. Осылайша, қаланың 11 жерінде көмір сататын 8 компания анықталды, көмірдің барлық түрлерінің бағасы тіркелген (11 мың теңгеден 12 700 теңгеге дейін). Жылу беру маусымына энергия көздері жабдықтарының жалпы дайындығы 99% құрайды: ЖЭО-1-100%, ЖЭО-2 – 98%, аудандық қазандықтар – 100%.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау нысандары 100% - ға, тұрғын үй қоры мен білім беру нысандары 99%, мәдениет нысандары 93% қамтылған. 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайындық 100% құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы