Көмір тапшылығына дүрбелең қайдан туындап отыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан темір жолы» елордалық журналистерге көмір өткізудің нүктелеріне баспасөз турын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Айтқожинов» жеке кәсіпкерлігінде болып, ұйымның тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету процесін көрдік.

Биыл былтырға қарағанда көмірдің тасымалы өте жақсы, 4%-ға жоғары. Мысалы, қыркүйекте 8%-ға артық көмір артылған. Оның ішінде былтыр елордада 1 мамырдан бастап есептегенде 91 мың тонна көмір түссе, биыл 99,9%-ды құрап отыр. Бұл 8%-ға немесе 8 мың тонна артық. Сондықтан көмір тапшылығы жоқ. Мұндай пікірге қарсымын. Көмір бар, - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.

Оның сөзінше, барлық кірме жолда көмір жеткілікті. Оны мониторинг топтары, оперативтік штаттар қадағалап отыр.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 8 кірме жол орналасқан. Оның ішінде 14 нүктеде сатушылар бар. Бұл орындарды қадағалап отырмыз. 7 күннің ішінде 170 вагон немесе 12 мың тоннадай көмір түскен. Жақында тағы 138 вагон көмір жетеді. Көмір кірме жолдардың сұранысы бойынша түсуде.

Ол тұрғындар арасында неліктен көмір тапшылығына дүрбелең туындап отырғанын түсіндірді.

Көмір тапшылығы бар дегенге қарсымын. Көмір бар, уақытында жеткізіліп жатыр. Халықтың қысқа дайындығының аздығы бар. Неге көмірді тамыздан бастап алмасқа? Себебі көмір тамызда да, қыркүйекте де болды. Күн суытқанда ғана барлығы көмір алуға барады. Осылайша сұраныс аяқ астынан өсіп кетеді. Негізі жалпы вагонның тасымалы уақытылы жүргізіліп жатыр, - деп айтты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» өкілі.

Оның сөзінше, «ҚТЖ» қысқа дайындық жұмыстарын мамыр айынан бастайды. 

Аймақтардың жергілікті биліктерімен жылыту маусымына дайындық жұмысы ерте пысықталған. 

Жаз айларынан бастап көмір түсіру жұмыстары басталып кеткен.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы