Көмір өндіру үлесі 40,3%-ға дейін төмендейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін электр энергиясын генерациялау құрылымында өзгерістер болады.
Біріншіден, көмір өндіру үлесі 70%-дан 40,3%-ға дейін төмендейді. Екіншіден, газ генерациясы 20%-дан 38%-ға дейін ұлғаяды. Үшіншіден, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 3%-дан 15%-ға дейін артады, - деп атап өтті министр.
Ведомство басшысы мәлімдегендей, Париж келісімі шеңберінде мақсаттарға қол жеткізу бойынша міндеттемелер орындалып, 2060 жылға қарай одан әрі декарбонизациялау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің негізі қаланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елдегі бірқатар жылу электр орталықтары газға көшетіндігі туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ел чемионаты. Көкпардан алғашқы күннің қорытындысы шықты
Өзгелердің жаңалығы