Комаға түскен сарбаз. Тоқаев кінәлі адамдарды жазалауды талап етті
Отардағы әскери бөлімде сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасы үндеу жариялаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жақында Отардағы әскери бөлімде сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасы үндеу жариялаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлілерді жазалауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды, - деп жазды ол.
Еске салсақ, Жамбыл облысы Отар ауылындағы № 30212 әскери бөлімінде әскери борышыны өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат жансақтау бөліміне түскен. Қазір ол комада жатыр. Анасының сөзінше, ұлы әлімжеттік құрбаны болған.