Колумбияның бұрынғы президенті 12 жылға үйқамаққа алынды

Колумбияның соты бұрынғы президент Альваро Урибені куәгерлерді бұрмалау және процессуалдық алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды, ол үйқамақта жазасын өтейтін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сот Альваро Урибе Велесті 144 айға негізгі жазаға, яғни 12 жылға бас бостандығынан айыруға, 2420,5 ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ 100 ай 20 күн мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салуға үкім шығарды, – делінген судья қол қойған құжатта. 

Сот Колумбияның бұрынғы президентін қылмыстық сот процесінде куәгерлерге пара бергені және процессуалдық алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Сонымен бірге ол бұрынғы прокурор Хильда Ниньоның ісіне қатысты тағы екі эпизод және куәгер Харлингтон Москераның айғақтары бойынша ақталды.

Қаулыда Урибе Колумбия Қылмыстық кодексінің 38В-бабына сәйкес жазасын үйқамақ түріндегі жазасын өтейтіні көрсетілген. Үкімді орындау үшін Урибе төрт ең төменгі жалақы көлемінде ақшалай кепілдік беріп, бас бостандығынан айыру шарттарын орындау туралы міндеттемеге қол қоюы керек.

Бұрынғы мемлекет басшысы Антиокия департаментінің Рионегро қаласындағы тұрғылықты жеріндегі пенитенциарлық жүйенің бақылауында болады. Сот оны дереу үйқамаққа ауыстыруды бұйырды.

Альваро Урибе 2002-2010 жылдар аралығында Колумбия президенті қызметін атқарған және елдегі ең ықпалды саяси қайраткерлердің бірі болып саналады. Соттың шешіміне апелляциялық сатыда шағым жасалуы мүмкін.

Бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың 11 жылдан астам мерзімге сотталғаны хабарланған болатын. Оған жылу электр орталығын жаңғырту кезінде заңсыз баю, 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таш кентінде орын алған тәртіпсіздіктер, сондай-ақ Қой-Таш елді мекенінен жер телімдерін заңсыз иемдену деген айыптар тағылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы