20 Тамыз 2026, 01:29 Фото: REUTERS/Juan Felipe Leon

Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 312-ге жетті

Қазір құтқару жұмыстары жалғасып, жоғалған адамдарды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Колумбиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 312 адамға жетті. Тағы 290 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлады елдің Табиғи апаттар қаупін басқару қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, табиғи апат салдарынан 4 380 адам жараланған. Құтқарушылар үйінділер астынан 358 адамды аман алып шыққан. Сонымен қатар мамандар 485 жануарды құтқарды.

Жер сілкінісі 10 тамызда болған. Сейсмологтардың нақтыланған мәліметі бойынша, оның магнитудасы 7,4-ке жеткен. Бұл Колумбияда соңғы бірнеше онжылдықтағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі болды.

Табиғи апаттан кейін Колумбия билігі ұлттық төтенше жағдай режимін жариялады. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып, жоғалған адамдарды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.