Бүгiн 2026, 07:47
Фото: скрин
Колумбиядағы қайғылы апат: қаза тапқандар саны күрт артты
Колумбиядағы 100-ден аса әскери қызметкер мінген ұшақ апатында 68 адам қайтыс болғаны расталды.
Колумбияда әскери-транспорттық Hercules C-130 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар саны 68 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Blu Radio радиостанциясының мәліметінше, бұл туралы қала мэрі Луис Эмилио Бустос мәлімдеген.
Жергілікті басшының айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін муниципалитет әлі де есеңгіреген күйде. Қазіргі уақытта құтқару қызметтері, құқық қорғау органдары және сот-медициналық сарапшылар қаза тапқандардың жеке басын анықтап, тірі қалғандарға көмек көрсетіп жатыр.
Өкінішке қарай, қазіргі сәтте қаза тапқандар саны 68 адамға жетті. Барлығы расталған, олардың денелері муниципалдық мәйітханада, – деді мэр Бустос.
Апат шамамен таңғы 9:50 мен 10:00 аралығында болған. Ұшақ Пуэрто-Легисамо әуежайынан ұшып көтерілгеннен кейін бір шақырымдай жерде құлаған. Оқиға орнына жергілікті тұрғындар дереу жетіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен.