Колумбиядағы орман өрті ел астанасы Боготаға жақындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияда орман өрті басылмай, лаулаған жалын ел астанасы Боготаға жақындады, деп хабарлайды 24.kz. 

Табиғат апатынан төнген қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жау Кали аймағындағы ұлттық саябаққа да жеткен. Өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Тілсіз жаумен ондаған бригада күресіп жатыр. Бірақ күннің ыстық болуынан жалын тез тарап, сөндірілген жерлерде өрт ошақтары қайта тұтануда.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы