Бүгiн 2026, 08:11
Фото: AP Photo/Santiago Saldarriaga
Колумбияда тас жолдағы жарылыстан 14 адам қаза тапты
Жергілікті билік орталық үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.
Колумбияның оңтүстік-батысындағы Каука департаментінде Панамерикалық тас жолда болған жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 38-ден астамы жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Report бсылымына сілтеме жасап.
Аймақ губернаторы Октавио Гусманның мәліметінше, жарылғыш зат адамдар көп жиналған сәтте іске қосылған. Ол бұл оқиғаны бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған шабуыл деп бағалады.
Соңғы сағаттарда өңірдің бірнеше елді мекенінде – Эль-Тамбо, Калото, Попаян, Гуачене, Меркадерес және Мирандада – қарулы қақтығыстар мен шабуылдар тіркелген.
Жергілікті билік орталық үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің артқаны атап өтілді.
Алдын ала деректер бойынша, шабуылдарға 2016 жылғы бейбіт келісімге қосылмаған FARC ұйымының бұрынғы мүшелерінен құралған топ қатысы болуы мүмкін.