Колумбияда су тасқынынан келген шығын мөлшері есептелді
Колумбия билігі алапат тасқыннан келген бастапқы шығын көлемін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Ел президенті ГустАво ПетрОның мәлімдеуінше, қазіргі есеп бойынша табиғи апат салдарын жоюға 300 миллионнан астам доллар қажет. Бұл ақша шұғыл көмекке мұқтаж тұрғындарға жұмсалмақ.
Оңтүстік америкалық елде бірнеше күн толассыз жаңбыр құйып, 27 аймақты қалың су басты. Тасқыннан зардап шеккендер саны 100 мыңнан асады. Жүздеген үй су астында қалып, электр желілері зақымданған. Ауыл шаруашылығы алқабы да бүлінді. Билік елде төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Буллингке қарсы бағдарламаның апробациясы қалай өтіп жатыр?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы