Колумбияда мигранттар Венесуэлаға қайта алмай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияға жұмыс іздеп барған мигранттар Венесуэлаға қайта алмай отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Колумбия шекарасында жағдай қиындап барады. Венесуэладан келген еңбек мигранттары елдеріне қайта алмай әлек. Пандемияның салдарынан нәпақасыз қалғандар шекарадағы өткізу бекетінде ұзын-сонар кезекте тұр.

Венесуэла билігі өз азаматтарын қабылдауға үлгірмей жатыр. Пандемия жарияланғалы Колумбияда жұмыс істеген 70 мыңнан астам мигрант еліне қайтуға мәжбүр болды. Өзге елден келгендер індеттің кесірінен жұмыссыз қалып, жалдамалы пәтер ақысын төлей алмай далада қалған. Бүгінде олардың көбі билетке ақша таба алмай жүр. 

Екі балам, күйеуім және өзім қара жерге қағаз төсеп, соның үстінде түнеп жүрміз. Өте лас. Көптеген балалар ауырып қалды. Абырой болғанда, менің балаларым сырқаттан аман-есен, - дейді мигрант Соня Рей. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы